Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақтөбенің Бестамақ ауылында ірі қара жаппай ауырып жатыр

AstanaTV
22.11.2021ж. 20:00
2919
Ақтөбенің Бестамақ ауылында ірі қара жаппай ауырып жатыр

Ақтөбе облысының  Бестамақ ауылында ірі қараның  белгісіз індеті тарады. Бүгінге дейін алпыс шақты сиыр ауырып, алты  мал өлген. Тұрғындар бұл аусыл дейді,  ал  әкімдіктегілер  басқа инфекция екенін айтады.  Мәселенің мән-жайын  тілшіміз Гүлвира Сейтенова анықтап көрді.

Бестамақ ауылының тұрғыны Ахмадин Мұқашов біраздан   бері малын өріске жібермей, қорада бағып отыр. Көршісінің сиыры ауырған соң, сақтанып, өз малының аузын тұзбен жуып,   екпе салдырған. Бірақ оның пайдасы болмады дейді. Бір-екі күннен кейін сиырлары жем жемей, су ішуден қалған.  

Ахмадин МҰҚАШОВ, БЕСТАМАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Әуелі сиырды аусыл деп қорықтық, бәрі солай деді, қойда аяққа түседі, сиырда аузында сондай болады деп сөй деді. Бақташы айтты, сондай ауру шығады, сиырларды қолда ұстаңдар деп осы айдың басында.

Малдың аузынан сілекей шұбырып, әлсірейді. Шөп жемейді, тілі айналып қалады. Мұның бәрі аусылдың белгілері болғанымен, аусыл емес дейді, ауылдың мал дәрігері Түгелбай Қаюпов.

Түгелбай ҚАЮПОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ:

Осы айдың үші күні Қатпар деген шаруа қожалығынан бір бас ауырып, содан пробаға қанын, сілекейін алып, Астанаға лабораторияға жібердік. 8 күні ответ келді, бірақ ол аусыл емес, ринотрахеит деп келді.

Ветеринарлар сынаманың нәтижесін күтіп, індеттің не екенін анықтағанша, ауру тарап кеткен. Есет батыр, Қатпар және Бестамақ ауылдарында 60 ірі қара малдан ринотрахеит инфекциясы табылды. Алты  мал арам қатқан.

Мейірхан ЕРМАҒАНБЕТОВ, АЛҒА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

6 мал бас тіркелді ринотрахеит инфекциясымен, аузынан сілекейі ағып, жатып қалатын. Бірақ, жаппай түрде мал қырылып жатқан фактілер жоқ.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, ауданда 8 мың бас ірі қара малға шұғыл ринотрахеит инфекциясына қарсы  вакцина салынған. Бірақ ауылдар карантинге жабылмайды.

Г. Сейтенова