Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Н.Назарбаев кезекті шешімі арқылы көрегенді саясаткер екенін тағы бір дәлелдеді"- Кучинская

AstanaTV
24.11.2021ж. 20:00
1026
"Н.Назарбаев кезекті шешімі арқылы көрегенді саясаткер екенін тағы бір дәлелдеді"- Кучинская

Елбасының "Nur Otan" партиясы төрағалық өкілеттілігін Президентке беру шешімі оның жаһандық деңгейде және тарихи ауқымда танылған саяси қайраткер ретіндегі ұлылығын тағы бір рет дәлелдеді. Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясының өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес  төрағасы Юлия Кучинская осылай дейді.  Оның айтуынша, тарихи шешім елдің тұтастығын сақтауға және мемлекеттік бағытты іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  бұл   қадамның дер кезінде жасалғанын атап өтті.

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Нұрсұлтан Әбішұлы кезекті шешімі арқылы өзінің көрегінді саясаткер екенін тағы бір рет дәлелдеді. Өткенді ойға салып, алдағы сын-қатерлерді  ескертті. Тәуелсіздігіміздің берік болуын атап өтіп, «Елдіктің жеті тұғырын» айқындап берді.

Юлия Кучинская «Елдіктің жеті тұғыры» – Тұңғыш Президенттің тәжірибелі саясаткер ретіндегі философиялық тұжырымдамасы деп санайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында айтылған бұл сөздердің құндылығы зор. Өйткені  Елбасы атаған 7 бағдар мемлекетіміздің тұтастығын көрсетеді. Болашақ ұрпаққа бағдар береді дейді. Сондай-ақ,  мәжілісмен көшбасшы партия елімізді   әлі де үлкен жетістіктерге жетелейтінін айтты.

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ел үшін біздің жұмысымыз маңызды. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі айтты. Өйткені партия өзіне берілген сенімді ақтауы тиіс. Сондықтан біздің міндетіміз-азаматтардың сенімін жоғалтпай, алға қойылған міндеттерді дер кезінде орындау.

Б. Сатуов