Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Павлодарда мемлекет қаржысына жөнделген мектеп ашылмай жатып, жабылды

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
2011
Павлодарда мемлекет қаржысына жөнделген мектеп ашылмай жатып, жабылды

Павлодар облысында 102 млн теңгеге  жөнделген мектеп ашылмай жатып,   жабылды. Құзырлылардың салғырттығынан балалар енді  үйден оқуға мәжбүр. Оларды уақытша  мәдениет үйіне орналастырған болатын. Бірақ,  мәдениет ошағының да  жөнделетінін  айтып, оқушыларды ол жерден де қуып шыққан.  Мәселенің мән-жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Тереңкөл ауданына қарасты Березовка ауылы мектебінің бой көтергеніне 50 жылдан асқан.  Алайда, осы уақытқа дейін бірде-бір рет жөндеу көрмепті. Аудан атқамінерлері биыл тамыз айында білім ошағын жөндеуге жапқан. Бірақ, жөндеу жұмыстары 3 айға созылыпты. Соның салдарынан оқушылар ауылдағы ескі мәдениет үйінде оқуға мәжбүр болған.

Оксана ЖАРКИНА, БЕРЕЗОВКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Оқушылар 17 қарашаға дейін  мәдениет бөліміне қарасты ғимаратта оқып келді. Бірақ, аталмыш мекеменің бір жартысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болғандықтан, балалар қашықтықтан оқуға жіберілді. Өйткені, мәдениет ошағы 16 желтоқсанға дейін жөнделіп тапсырылу керек. Сол себепті балаларды көшіруге мәжбүр болдық.


Аудан атқамінерлері жөндеу жұмыстарының созылып кеткені  қағазбастылыққа байланысты дейді. Мәселе көп ұзамай шешілетінін айтады.

Әбілқайыр СҚАҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

50-60 жылдың ішінде бұл мектеп осындай күрделі жөндеу өткен жоқ. Сондықтан осы жылы үлкен мүмкіндік. Осы мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Қосымша ана жерде спорт залы апаттық жағдайда. Спорт залы да құрылатын болады.  


Білім ошағын күрделі жөндеуден өткізуге  102 млн теңге жұмсалған. Қомақты қаржыға есік, терезе, электр және кәріз жүйесі жаңаланған. Оған қоса сырлау, ақтау секілді ішкі әрлеу жұмыстары да жүргізілген. Енді өз ісіне салғырт қараған шенділер жауапгершілікке тартылуы мүмкін.  

Ө. Қуанар