Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтауда саяси қайраткер Тобанияз Әлниязұлына ескерткіш қойылды

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
4277
Ақтауда саяси қайраткер Тобанияз Әлниязұлына ескерткіш қойылды

Ақтауда саяси қайраткер Тобанияз Әлниязұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Адайлар көтерілісі басшысының мүсіні қоладан құйылған.  Сондай-ақ  оның қасында  қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың  есімі жазылған стелла бар.   Саясаткердің немересі атап өткендей, репрессия құрбандарының ұрпақтары үшін  бұл өте маңызды.

Тобанияз Әлниязұлы – Адай ревкомының бірінші төрағасы, саясаткер. Адай көтерілісінің басшысы болған. Ол қазақ пен түрікмен арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге   күш салып, арадағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге қол жеткізді. Бірақ билікке қарсы   саясаты үшін өлім жазасына кесілген. Тобанияз Әлниязұлының ұрпақтары – немерелері мен шөберелері  Маңғыстауда тұрады.

Шамаби ЗӘКІРЖАНОВ, Т.ӘЛНИЯЗОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

Біз қуаныштымыз. Себебі, атамыздың бүгін мүсіні ашылып жатыр. Ел жиналып жатыр. Үлкен де, кіші де келіп жатыр. Тарихты біз айтатындай ештеңе қалып жатқан жоқ. Тарихта жазылды бұдан неше жыл бұрын, қазірде де жазылып жатыр.

Тобанияз Әлниязұлының қоғамға сіңірген еңбегі, оның көшбасшылық қасиеттері туралы жұрт жарыса айтады. Соның бірі -Марат Мәжитов. Кезінде есімі ұмытылған Тобанияз Әлниязұлы туралы кітап жазуға үлкен еңбек сіңірген.  

Марат МӘЖИТОВ, КІТАП АВТОРЫ:

Тобанияздың негізгі мақсаты Көкжарды орталық қылу. Ойылды. Мынаны қалпында қалдырып, өздерінің жері ретінде, негізгі орталыққа жақындау. Көкжарды орталық қылу. Сол үшін хат жазды.


Бүгін тарихшылар қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтар тақырыбын кеңінен талқылады.

Эльвира АБЛАНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МҰРАҒАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біздің Маңғыстауда Батыс Қазақстан өңіріндегі сол кездегі 20-50 жылдардағы қоғамдық саяси ой, жеке тұлғалар, олардың қызметі, репрессия кезеңі,  ашаршылық мәселелері көтерілетін үлкен өзекті мәселелер талқыланатын үлкен өзекті конференция өтіп жатыр.

 
Репрессия жылдарында Қазақстанға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық адам қуғын-сүргінге ұшыраған, соның 20 мыңнан астамы атылған.

А. Базарбай