Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордада мектеп оқушылары арасында республикалық турнир өтті

AstanaTV
29.11.2021ж. 20:00
2699
Елордада мектеп оқушылары арасында республикалық турнир өтті

Елордада  мектеп оқушылары арасында ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. 2 күнге созылған дебат Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Сайысқа  облыстық және қалалық   турнирдің  жеңімпаздары қатысты. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай ауқымды дебат 2006 жылдан бері  өткізілмеген.

Нүркен ДӘУЛЕТ, ҚР ПІКІРСАЙЫС КЕҢСЕСІНІҢ САРАПШЫСЫ:

Бұл өте керемет жетістік деп ойлаймын дебат қозғалысы үшін. Және де бүгін осы турнирге әр лигадан 17 команда, әр регионнан атынан шығып жатқан сәйкесінше, 34 команда 68 қатысушы қатысуда.

Іріктеу турниріне республика бойынша 40 мыңнан астам оқушы қатысқан. «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры басқарушы директорының айтуынша,  "пікірсайыс – интеллектті байытудың тиімді жолы, ол тұрақты ойлауды, талдауды, мәселені шешуді және шығармашылық белсенділікті қалыптастырады". "Оқушылар өз ойын  қорғауға, идеялар бәсекесінде құндылықты көруге үйренеді",- дейді.

Мұрат ЖҰМАНБАЙ, «ЕЛБАСЫ АКАДЕМИЯСЫ» КҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 
Әрбір облыста жеңімпаз атанған, командалар қатысып отыр. Яғни олар өздерінің намысын қорғауға келді, жас пікірсайысшылар еліміздің 30 жылда жеткен жетістігіне баға беретін болады. Кейбір мәселелерді шешуге ұстанымын тұғырын көрсетеді.

Ә. Дүкембаева