Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қырғыз Президенті депуттардың жалақысын қысқартты

AstanaTV
03.12.2021ж. 20:00
2186
Қырғыз Президенті депуттардың жалақысын қысқартты

Қырғыз Президенті Садыр Жапаров, Жоғарғы Кеңестегі депутаттардың жалақысын қысқартты. Арнайы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, депутаттарға кететін шығындар да қысқартылды. Осыған дейін, депутаттарға баспана үшін өтемақы төленген. Енді ол өтемақы мен қызметтік автокөліктер алынып тасталды. Қызметтік пәтерлер тұрғын үйі жоқ парламент депутаттарының арасында бөлінетін болады. Мақсат - республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру. Айтпақшы, депутаттардың саны да қысқарды.  

Талантбек СТАМАЛИЕВ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ШЫҒЫНДАРДЫ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Жаңа заңнамаға сәйкес 30 депутат қысқартылған болатын. Олардың жалақылары жалпы алғанда шамамен 29 млн сомды құрайды. Демек әр депутат 40 мың сомнан алып келген. Бұдан былай қалғандарының жалақысы  25 мың сомға дейін қысқарды.


Нақтырақ айтсақ биыл сәуірінде өткен референдумда қабылданған, ел Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес депутаттар саны қысқартылған. Яғни Жоғары Кеңесте, енді 120 емес, 90 депутат қана болады. Экономисттер мұны қолдап отыр. Олардың айтуынша, бұл мемлекет қаржысын үнемдеудің ең тиімді жолы.

Бейшен ИШЕНОВ, ЭКОНОМИСТ:


Менің ойымша бұл өте дұрыс саясат. Экономика жағын түсенетін азаматтар билік басына келгеніне қуаныштымын. Европадағы Скандинавияда депуттардың саны 50-ге жуық, бізден екі есе аз.


Ә. Дүкембаева