Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматыда халықаралық аспапшылар байқауының үздіктері анықталды

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
940
Алматыда халықаралық аспапшылар байқауының үздіктері анықталды

Алматыда ішекті, үрмелі, ұрмалы сынды аспаптардың үздік орындаушылары анықталды. Олардың есімі  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұйымдастырған бірінші халықаралық байқауда жарияланды. «Иосиф пен Семен, Ева мен Коган» атындағы байқауға, әлемнің 9 елінен 300-ге тарта өнерпаз қатысқан. Дарындыларды Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Канада, Еуропа, Ресей сынды елдердің өнертанушылары анықтады. 10 күнге созылған байқау онлайн форматта өтті. Бас жүлдеге Қазақ ұлттық өнер университетінің қатысушылары ие болды.

Сәуле МЕДЕУБАЕВА, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ «АНСАМБЛЬ ӨНЕРІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Мен барлық қатысушының өнеріне тәнті болдым.  Барлығы жоғары деңгейде өтті.  Әлемдік пандемияға байланысты  онлайн режимде өткізуге тура келді. Бірақ бұл нағыз өнерпаздарға ешқандай кедергі бола алған жоқ.


Үздік орындаушылар 5 номинация бойынша анықталған. Халықаралық байқау «Art Forum of Kazakhstan» ұйымының қолдауымен өткен. Оған «Мәдениет және шығармашылық шараларды  қолдау қоры» мұрындық болды.

Ә. Лесбек