Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
1103
Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Шаһар басшысы Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар және халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновке қаланы жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы бойынша қордаланған мәселелерді шешуді тапсырды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар жүктеме артты.

А. Базарбай