Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыдағы қырғынға қатысы бар деген күдікпен 2 жарым мыңға жуық адам ұсталды

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
1534
Алматыдағы қырғынға қатысы бар деген күдікпен 2 жарым мыңға жуық адам ұсталды

Алматыдағы қырғынға қатысы бар деген күдікпен 2 жарым мыңға жуық адам ұсталды. Құзырлылар бүлікшілерге қатысты өз болжамдарын жариялады. Дегенмен қалада лаңкестермен күрес әлі жалғасуда. Бүлікшілер ойран еткен Алматының бүгінгі жәй-күйін әріптесім Әсем Лесбек әңгімелейді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қала әкімдігінің отқа оранған ғимараты. Мұнда қазір 600-ге тарта жұмысшы тартылған. Олар нысан ішін күл-қоқыстан тазартуда. Шаһардың қақ ортасындағы тарихи нысанды, қалыпқа келтіру шаралары қолға алына бастады. 22 мекеме көмекке келген.  

Жалпы жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адам қазақ тапқан. Оның 11-і құқық қорғау саласының қызметкері. Полиция Департаменті мәйітханалардан 41 адамның мәйіті ұрланғанын мәлімдеді. Әрі шабуылды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақты жетік меңгерген бүлікшілер жасаған деген ой түйді.   

Қанат ТАЙМЕРДЕНОВ, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ғимаратты  басып алу үшін 27 рет шабуыл жасағанын санадық. Қылмыскерлер техниканы джиптер мен камаздарды, көліктерді қолданды. Шабуылдағандар соғыс тактикасын жақсы білетін өлілер мен жараланғандарды қалдырмай өздерімен бірге алып кететін кәсіби дайындығы бар адамдар жасады.

Лаңкестер 7 қару-жүрек дүкенін басып алып, 1 жарымға жуық қаруды қолды еткен. Жалпы шаһарға келтірілген шығын 112,6 млрд теңгені құрайды. Қазір қалада лаңкестермен күрес жалғасуда. Қылмыстық әркеттерге қатысы бар деген 2 жарым мыңға жуық күдікті ұсталған.

Берік ЖҮЙРІКТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Қазір құқық қорғау органдары 405 қылмыстық істі тергеуде. Соттың санкциясымен 249 адам қамауға алынды. 2 мыңға жуық нысан зардап шекті.


Шенділер бүлік кезінде ең көп шығын Алмалы ауданына келген деді. Жалпы тәртіпсіздік салдарынан жанар-жағармай құю бекеттері 306 млн теңгеге шығын көрген. Ал, қала әкімдігі ғимаратын қалыпқа келтіруге 20 млрд қаражат кететіні белгілі болды.

Ә. Лесбек