Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыдағы бұзақылық кезінде келтірілген шығын 128 млрд теңгеге жетті

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
1161
Алматыдағы бұзақылық кезінде келтірілген шығын 128 млрд теңгеге жетті

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді? Бір ғана Алматы қаласына келтірілген шығын көлемі шамамен 128 млрд теңгеден асады. Негізінен сауда, қаржы, логистика, қоғамдық тамақтану орындары зардап шеккен. «Атамекен» палатасы шығынды өтеу тетігі әзірленгенін, жақын күндері бекітілетінін хабарлады. Әрі қаражат бюджет есібінен төленетінін қосты. Сол сияқты "Күшіміз Бірлікте" қорынан да қарастырылуы мүмкін, деді. Тиісті көмекті алу үшін шығын көрген кәсіпкерлер қажетті құжаттары мен өтініш қалдыру керек. Айта кетейік, Алматы шаһарында 243 нысанға нұқсан келген. Оның барлығын қалпына келтіруге болады деп отыр. Одан бөлек, жаппай тәртіпсіздік болған көшелердегі 37 пәтер зақымдалған. Оларды да жөндеуге жергілікті атқамінерлер ат салыспақ.  

Д. Жарқынбек