Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы белгілі актер Төлеубек Аралбайдың жақындарына көңіл айтты

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
1025
Мемлекет басшысы белгілі актер Төлеубек Аралбайдың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбайдың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев: марқұмның қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек еткенін, отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлік шеберлігімен көрермен көзайымына айналғанына тоқталған.  Ұстаз ретінде көптеген таланттың жолын ашып, театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды делінген жеделхатта.

Б. Сатуов