Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда медициналық қалдықтар ашық аспан астында өртеген кім?

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
1324
Атырауда медициналық қалдықтар ашық аспан астында өртеген кім?

Атырауда медициналық қалдықтар ашық аспан астында өртеліп келген. Мұны экология белсенділері анықтап, әлеуметтік желіде дабыл қақты. Олар жұқпалы аурулардың медициналық қалдықтар екенін анықтаған. Арасында ВИЧ, короновирус, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жабдықтар бар. Бұған кім жол берді? Мәселенің ақ-қарасын аймақтағы әріптесім Базаргүл Нәдірқызы анықтауға тырысты.

Ауаны тарылтқан иіс тәуелсіз экологтардыжылы орнына қозғады. Зерттеуй келе қою қара түтін, мына қоршаудан шығып жатқанын анықтап, оны төбеден түсіріп қараған. Қоршау іші медициналық қалдықтарға толтырылыпты. Экологиялық топ бір ай бойы кәсіпорынның қызметін сырттай бақылаған. Анықтағаны – сұмдық. Кәсіпорын күн сайын медициналық қалдықтарды ашық ауаға өртеп келген. Әр жерде жартылай жанған қанды шприцтер, пробиркалар мен флакондар шашылып жатыр. Бұл аймақтың экологиясын ғана емес, тұрғындардың денсаулығына жасалған қастандық,- дейді белсенділер.

Жанбай қалғандарын көміп тастауға тырысқан. Бірақ биік қоршаудың іші мен сыртына шашылған қалдықтарды жасыру мүмкін емес. Алаң ит-құстың өлексесіне айналыпты. Өзін «күзетшімін» деп таныстырған мына азамат күн сайын түн мезгілінде медицициналық қалдықтардың өртелетінін мойындады.

Ашық алаңда өртеу – экологиялық талаптарға қайшы. Экологтар осылай,- дейді. Бірақ шағын кәсіпкерлікке тексеріс жүргізуге жарияланған мороторийге сай бірден тексеріс бастауға құқы жоқ екенін ашық айтты. Сондықтан экологияны реттеу және бақылау хат жолдаған.

Сырым ТІЛЕГЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРАТМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Контейнерлік тәріздес ыдысқа салып жағу -  ол негізі дұрыс емес, заңға қайшы келеді. Енді бүл жерде малдың өлексесі қалай келді. Оның тексеріс барысында анықтайтын боламыз.

Алайда серіктестік басшылығы медициналық қалдықтар өздеріне тиесілі еместігін айтып азар да безер болды. Айтуынша, жер учаскесін бұрын жалға алып, пайдаланған. Бірақ тексеріс жиілеп кеткендіктен, жұмысты тоқтатып, бір жыл бұрын келісім-шартты бұзғанын айтады.

Нұрлыбек АХМЕДИЯРОВ, ЖШС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күзетші біреулермен келісіп, соған біреулер ақша беріп өртеткізбесе, білмеймін. Конкуреттер болмаса, бізді ақыры жазып жазып жұмыс жасатқызбады ғой. Содан біздер қойдық. Стоматологиялық кабинет бар, 7 ме, 8 бе, онда ондай отход шықпайды. Кішкентай қалдық. Ол отходты басқа бір компанямен договорымыз бар екен,  соларға береді екенбіз өртеуге.
 
Дегенмен екі жыл бұрын медициналық қалдықтарды дұрыс жоймағаны үшін дәл осы компанияның үстінен полиция қылмыстық іс қозғалған еді. Кейін қылмыстық құрамы болмады деген желеумен іс қысқартылды.

Б. Надірқызы