Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматылық кәсіпкер 2000-нан астам отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті

AstanaTV
21.01.2022ж. 20:00
1107
Алматылық кәсіпкер 2000-нан астам отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті

Алматылық кәсіпкер бір мезетте 2000-нан астам отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қайырымды жан әр жанұяға жиынтығы 30 келіден асатын қораптар табыстады. Күнделікті азықтан бөлек, жеміс-жидек пен түрлі тәттілер салынған қораптар алдымен көпбалалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде лаңкестерден зардап шеккен сарбаздарға таратылды. Әр отбасыға 15 күнге жететін қораптарды алу үшін кәсіпкер 10 миллион теңгесін жұмсаған.

Нұрымбек ТАУ, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

ТЖ кезінде елімізге бір шетіне шығып көмек қылайық деген мақсатпен осындай қайырымдылық ұйымдастарып жатырмыз. Ең алдымен көп балалы отбасылар екіншіден зардап шеккен  сарбаздарымыздың отбасына.

Ә. Лесбек