Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны қардан мешіт тұрғызды

AstanaTV
21.01.2022ж. 20:00
1166
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны қардан мешіт тұрғызды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан аппақ мешіт тұрғызды. 20 күн бойы қолынан күрегі түспеген еңбекқор жігіт бұл іске үш тоннадай қар жұмсапты. Ақ ұлпадан жасалған мешіт макеті - облыс орталығындағы Орал мешітінің көшірмесі. Жас шебер ғимараттың шыны күмбезі мен оюлы мұнарасын, баспалдақтары мен бағаналарын айнытпай жасап шығарыпты. Мешіттің биіктігі мұнараларымен қоса есептегенде 4 метрге жуықтайды.

Нәдір ҚУАНАЕВ, ДОСТЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қар салып-салып, тығыздап, содан кейін уже күмбезіне коробка құрдым. Бір жағынан ауа райы да кішкене кедергі болды жасауымызға, еріп кетті алдында. Содан қайтып тұрғызып, қайтып құрадым енді.

Жас шебер осы туындысын әлеуметік парақшасында жариялапты. Оның бұл ісіне желі қолданушылары тәнті болған. Жас сәулетші бұған дейін ақ ұлпадан көлік жасаған екен. Ал мұндай көлемді ғимаратты алғаш рет жасап отыр.  Енді ақ мешітті түрлі түсті шамдармен безендірмекші.

Е. Карин