Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанай тұрғыны танысының телефоны арқылы 16 онлайн несие рәсімдеген

AstanaTV
18.02.2022ж. 20:00
1901
Қостанай тұрғыны танысының телефоны арқылы 16 онлайн несие рәсімдеген

Қостанайда киберқылмыс өршіп тұр. Қаланың 50 жастағы тұрғынын танысы тақырға отырғызып кеткен. Күдікті танысының телефоны арқылы микроқаржы ұйымдардан 16 онлайн несие рәсімдеген. Сөйтіп бір миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан. Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін де алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылған көрінеді. Жалпы жыл басынан бері аймақта 142 адам интернет алаяқтарына алданып қалған.

Олжас МАҒЫПАРОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Күдікті  азамат анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Айғақ зат ретінде телефон тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның өзге де фактілерге қатысы бар жоғы анықталады.

З. Санай