$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қызылордалық Ақмарал Малбағарова 13 баланы бауырына басып отыр

AstanaTV
05.03.2022ж. 20:00
2059
Қызылордалық Ақмарал Малбағарова 13 баланы бауырына басып отыр

Қызылордалық Ақмарал Малбағарова 13 баланы бауырына басқан.  Балаларының алды -отбасылы. Бірақ олар  қара шаңырақта жиі бас қосып тұрады. Үлкендері кішісіне қамқорлық танытып, аналарына қолдау көрсетеді.  Отбасы құндылығы бұл шаңырақта керемет дәріптеледі.  Толығырақ Мөлдір Тоқтасынқызы айтады.  

Ақмарал 2009 жылы алғаш рет үш бүлдіршінді бауырына басты. Содан бері жиырмадан аса балаға тәрбие беріп, аналық мейіріміне бөлеп келеді. Алды отбасылы болып кетсе де, немелерімді алып, келіп тұрады дейді. Қазір 13 бала бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатыр. Берекелі шаңырақта  қазақы тәрбиенің қаймағы бұзылмаған.

Ақмарал МАЛБАҒАРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үлкендігі дұрыс болмай кішінікі дұрыс болғанның өзінде мен кішіге кішілігін істетемін. Үлкеннен кешірім сұратамын. Себебі ол кіші. Оныкі дұрыс бола берсін кішінің аты кіші. Кішілігін істеу керек деп солай үйретемін. Қыздарым малды да сауа береді, айран да пісеміз, құрт та істейміз. Барлығы қолдарынан келеді. Мақтан тұтып айта аламын балаларымды.

Отбасының үлкені 26-да, кенжесі -9 жаста. Барлығы да үйдің шаруасын шыр айналдырады. Тату. Бауырмал. Бір үйдің баласындай. Олар мұны өмірімізге шамшырақ болған анамыздың арқасы дейді.   

Виктория ДВОЕГЛАЗОВА:
 
Анамыз біздің досымыздай. Құпия сырларымыз болған кезде анамызға айтамыз, сырласамыз. Анамызда бізге мына жерің дұрыс емес,бұл жер дұрыс деген секілді ақылын айтады. Аналарымыз аман жүрсін, ешқашан ауырмасын.

Балалар өнерден де құр алақан емес. Республикалық жарыстардан жүлделі орындар алған.

Павел ДВОЕГЛАЗОВ:
 
Қарап тұрсам қасіретті қаланы,

Сыртқа тастап іштен шыққан баланы.

Жанарынан бір тамшы да жас шықпай,

Жүрегі жоқ ана кетіп барады.

 
Бүгін отбасында мерекелік көңіл-күй сезіледі. Балалардың аналарына деген ықыласы ерекше. Құшағы мейірімге, жүзі жылылыққа толы асыл жанға айтар алғыстары шексіз.

М. Тоқтасынқызы