Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Украинадан Қазақстан азаматтары мінген бесінші рейс Алматыға қонды

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
1440
Украинадан Қазақстан азаматтары мінген бесінші рейс Алматыға қонды

Украинадағы әскери қақтығыс ошағынан тағы 56 қазақстандық елге жеткізілді. Отандастарымыз мінген бесінші ұшақ, бүгін түс ауа Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бұл жолы да Польшаның Катовице қаласынан келген. Онда 89 жолаушы, яғни 56 қазақстандық, 32 украиналық, бір Польшалық азамат болды. Эвакуцияланғандар Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан елшілігіне алғыстарын білдірді.

Николай ӘКЕЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Біз 2 апта бойы оқ пен оттың арасында жүрдік. Кімнің, қай жақтан атып жатқанын білмейсің. Аман келгеніме әлі сене алмай тұрмын. Көзіме еріксіз жас келіп тұр. Қандастарымның барына шүкір, Рақмет!    
 
Татьяна МИТУС, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Бізге сыртқа шығу қиын болды. Толассыз атылған оқтар мен жарылыстардан басыңды көтеру мүмкін емес. Қазақстан Үкіметіне және Президентіне рахмет айтамын. Елшілік біздің жағдайымызды жасап, аман-сау алып келді.


Ә. Лесбек