Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Головкин мен Муратаның жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетілмек

AstanaTV
04.04.2022ж. 20:00
856
Головкин мен Муратаның жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетілмек

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөліесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Лаура! Геннадий Головкин мен Риота  Муратаның жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетілмек. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

Қазақстандық боксшы Тайландтағы турнирде рингке шықпай-ақ жүлдегер атанды. Өйткені, 81 келі салмақта бақ сынайтын Нұрбек Оралбай жеребеден кейін жарыс жолын бірден жартылай финалдан бастайтын болды. Финалға жолдама үшін әлі кіммен жекпе-жекке шығатыны белгісіз. Дәл осы бәсекеде қос боксшымыз бір-бірімен жұдырықтасты.  52 келі салмақта Сәкен Бибосынов командаласы Санжар Тәшкенбайды жеңіп,  ширек финалға өтті. Бұл жарыста ел намысын жалпы он екі спортшымыз қорғап жатыр.

Қазақстандық гимнасттар жарады.  Әлем кубогі кезеңінде отандастарымыз ел қоржынан екі медаль салды. Бірі –алтын, бірі – күміс. Ұлттық құрама мүшесі Нариман Құрбанов Бакудегі жарыста гимнастикалық ат снарядында жеңіске жетті. Оның жинаған жалпы ұпайы – 15.200. Нариман алда тағы екі сында өнер көрсетеді. Тағы бір отандасымыз Милад Карими екінші орынға ие болды. Финалында ол еркін жаттығуда отандасымыз 14.300 ұпай жинады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Муратаның жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетіледі. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады. Бокс кеші 9 сәуірде елорда уақыты бойынша сағат 15:00 де өтеді. Алдын ала болжам бойынша отандасымыз бұл жекпе-жек үшін 12,3 млн доллар, ал Риота Мурата 4,1 млн доллар гонорар алуы мүмкін.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр