Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Әскерде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы әділдік іздеп жүр

AstanaTV
19.04.2022ж. 20:00
2186
Әскерде қаза тапқан сарбаздың  ата-анасы әділдік іздеп жүр

Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жүріп, өз-өзіне қол салған сарбаздың   ата-анасы әділдік іздеп жүр. Айтуынша, 20 жастағы жігіттің  мәйіті әскери қоймадан табылған. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауға алынған. Қалған екі күдікті әлі бостандықта жүр дейді. Қапияда баласынан көз жазып қалған ата-ана олар енді  жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды.  

Осыдан 6 ай бұрын әскерге кетіп, көз жұмған көкшетаулық Асылхан Қалияқбаровтың ата-анасы арнамызға хабарласты. Анасы баласының  өліміне қатысы бар деген күдіктілер  жазасыз қала ма деп уайымдайды. Айтуынша, күдікті -үшеу. Бірақ, олардың біреуі ғана ұсталды дейді.

Асылтас ҚАЛИЯҚБАРОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

3 жігіттің не істегенін олардың бәрін жазғанын бәрін оқып, төбе шашым тік тұрды. Соттың өзіне айттым, мына 3 жігіт қалай енді жұмыста істейді деп, әрмен қарай шамам келмеді. Енді тек бір Аллаға сосын сотқа сенемін. Мына 3 жігіт ешқандай жазасыз қалмасын, жазаларын алуы тиіс.

Қайғыдан қан жұтқан  Асылханның ата-анасы әлі ес жия алар емес. Күйіктен күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық дейді.  Асылханның жазған алғашқы хаты соңғы хатқа айналды  деп өксиді.

Асылтас ҚАЛИЯҚБАРОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Бір-ақ рет жазған хаты келді бізге, өзіміз алдық. Содан соң мен ответ жаздым, жоқ ешқандай хабар болған жоқ.

Жақындарының айтуынша, Асылханға зорлық-зомбылық көрсетілген. Оның жуастығын пайдаланған дейді.  


Әсемгүл ҚАЛИЯҚБАРОВА, АСЫЛХАННЫҢ БАУЫРЫ:

Инстаграм желісінен мына баланың көңіл күйі қобалжу байқалмайды. Көріп тұрсыздар ғой, қандай көңілді, бәрі жақсы екен деп қуандым. Менімен тем более жоспарымен бөлісті, Әсемгүл тәте ертең армиядан келгеннен кейін, мен Чс-қа кірейін ба әлде пожарныйға кірейін ба деп.

Асылхан Қалияқбаровтың мәйіті  әскери қоймадан асылған күйінде табылған. Баласынан көз жазып қалған  Асылханның ата-анасы   соттан әділ төрелік күтеді.  Соңғы кезде әскерде жиілеп кеткен  жұмбақ өлімдер  заңгерлерді де алаңдатып отыр.  

Гүлайым АНТАЕВА, ЗАҢГЕР:

Елімізді қорғаймын болашағымды ойлаймын деген адам, моральды психологиялық түрде жүйке жүйесінде ауытқу болмау керек. Егер жүйке жүйесінде ауытқу болмайтын адам, ондай жағдайға бармайды. Бұл жерде қазіргі Қорғаныс министрлігі, басқа жүйелер жұмыс форматтарын ауыстыру керек.

Асылхан Қалияқбаровтың туыстары кінәлілердің түгел   жазалануын талап етуде.  Және мұндай жағдай енді  ешкімнің басына түспесін дейді.

Ә. Дүкембаева