$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Солтүстік Қазақстанда үш ауысымдық білім беру мәселесі қыркүйек айында шешілмек

AstanaTV
30.06.2016ж. 20:00
2462
Солтүстік Қазақстанда үш ауысымдық білім беру мәселесі қыркүйек айында шешілмек

Биыл Солтүстік Қазақстанда үш ауысымдық білім беру мәселесі «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында шешілмек. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы саяси кеңес бюросының отырысында белгілі болды.

Қазір Тайынша қаласы мен Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоишим ауылында мектептер бой көтеріп жатыр. Қос нысан жаңа оқу жылының қарсаңында сақадай сай болады деп жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінді. «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап жатқан партиядағы арнайы комиссия мүшелері құрылыс алаңына барып, жұмыс тәртібін жіті тексерген. Білім ордаларында барлығы 700 бала оқымақ. Бұдан бөлек, Қызылжардың өзінде жақын арада жаңа балабақша ашылмақ.

Серік Мұхамедиев, СҚО құрылыс басқармасының басшысы:

Бұл екі мектеп қолданысқа берілгесін, бізде үш ауысымдық білім беру мәселесі толық шешілмек. Бүгінде Тайынша ауданындағы мектептің құрылысы аяқталды. 1 шілдеде оқушылардың игілігіне тапсыру жоспарда бар. Ал Новоишимдағы білім ошағының құрылысы тамыздың 15-не қарай бітеді. Әзірге жұмыс қарқыны қуантады.

Ғафура Бүстекова, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша комиссияның жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты:

Бұл бағдарламаның жоспары уақытында орындалып, қарастырылған қаражат дер кезінде бөлінуі керек. Бізге осы бағытта жұмыс істеу қажет. Өз кезегінде республикадағы әлеуметтік проблемалар шешіледі. 

Абзал ҚҰРМАНКИН