Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Оразаңды бұзсаң, Iphone 13 беремін": оразамен әзілдесу үлкен күнә, - ҚМДБ

AstanaTV
22.04.2022ж. 20:00
2286
"Оразаңды бұзсаң, Iphone 13 беремін": оразамен әзілдесу үлкен күнә, - ҚМДБ

"Оразаңды бұзсаң, Iphone 13 беремін". Бүгінде әлеуметтік желіде тараған, осы тектес ессіз видео көпшіліктің ашуын тудырды. Тіпті, авторды жерден алып жерге салып жатқандар көп. Психолог маман, мұндай видео түсіретіндер басынан өткен қиындықтарды жеңу үшін, адамдардың алдап, сынау арқылы ләззат алады, дейді. Пранк түсірушілерге дін өкілдерінің де айтары бар. Әріптесім Асылбек Даниярдың материалында толығырақ.

Рамазан айында ұстаған оразасын бұзып, су ішуді сұрап жүргендер мұнымен шектелмейді. Қаншама блогер осы сарында пранк түсіріп жүр. Бәрінің мақсаты бір: арзан күлкі, жөнсіз ойын. Тұрғындардың шыдамын сынау үшін де қымбат сыйлықтары дайын. Дәл осындай  ессіз қалжыңды желі қолданушылары ұят деп бағалайды.     

Психолог Ғалияш Мақашова пранк жасаушыларды "шынайы емес, қағаз адамдарға" балады.  Айтуынша, олар алға қойған мақсатына жету үшін адамдардың ұстанымын таптап өтуге дайын. Тіпті, әзіл арқылы тұрғындарды депрессияға ұшыратады , дейді. Сондай-ақ олардың уәде етілген сыйлықты бермеуі де мүмкін екенін жеткізді.

Ғалияш МАҚАШОВА, ПСИХОЛОГ:

Енді ең қызығы сол "қағаз адамдардың" өзіне сондай тәжірибе жасалатын болса, олар бірден күйреп кетеді. Неге сіз адамдарды сынауға дайын тұрасыз деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Тіпті, пранкты сылтау қылу арқылы сіз адамдарды сынап ол адамдарды сындырған кезде неге ләззат аласыз. Мүмкін, сізді де көп сындырған шығар өміріңізде.


Дінмен, намазбен, оразамен әзілдесу үлкен күнә. Ол адамды күпірлікке әкеп соқтырады, дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі. Сөзінше, мұндай жосықсыз әзілдің соңы жақсылыққа апармайды.  

Хасан АМАНҚҰЛ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Күлгісі келеді қалжыңдағысы келеді, бірақ, бәрі орнымен болуы керек. Ал, қазіргі біздің қолданып жатқан немесе соны видео арқылы түсіріп таратып жатқан пранктардың көбісі, жалпы барлығы шариғатқа қайшы деп айтамыз.


Бұл Алматыда болған "қыз алып қашу операциясы". Жергілікті полиция мұның пранк екенін хабарлады. Видеодағы қыз бала әдеттегідей қазақстандықтардан кешірім сұрады.

А. Данияр