Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«7-20-25» бағдарламасы бойынша жарияланған конкурс заңсыз ұйымдастырылған

AstanaTV
26.04.2022ж. 20:00
1368
«7-20-25» бағдарламасы бойынша жарияланған конкурс заңсыз ұйымдастырылған

Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша жарияланған конкурс заңсыз ұйымдастырылған. Қала әкімінің орынбасары осыны жеткізді. Ол көпқабатты пәтерге қолжетімді бағадағы байқауды тұрғын үйге жауапты өкіл заңсыз жариялап жібергенін айтты. Еске салайық, тізімге іліккен тоғыз жүз адамның көшін жергілікті шенеуніктердің бастап тұруы, көптің көкейіне күдік тудырған еді. Осыдан соң тізімді қайта тізу қажет деген еді. Бұған сол тізімде тұрғандар ұлардай шулап, бүгін әкімдік алдына жиналды.

Әкімшілік іскерлік орталыққа жиналған бұл топ, күні кеше қолжетімді бағада баспаналы болатын болдық деп қуанғандар. Тізімге іліндік деп бөркін аспанға атқандар енді тізім жойылады дегенді естіп ұлардай шулап жүр. Бұған себеп - мәселеге араласқандар: «байқау әділ өтпеген, тізімге кілең шенділер өздері еніп алған» дегенді уәж қылған.
 
Арслан АЛТАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шешімді өзгертеміз, сосын конкурстың күшін жоямыз деген әңгімелерге біз қарсымыз! Ол жерде қарапайым 900 адам қарапайым халық күйіп жатырда. Неге?-не, сонда шенеуніктер алып қойыпты деп қарапайым халықты күйдіріп жібере ме? Неге мемлекеттік мекемелер арнайы органдар соларды қарап, орындарынан алып, әлгі брондарын отмен жасатпайды?  Оларды отмен жасатсында орнына қалған кезекте тұрғандар тұр ғой, резервтік кезекте тұрғандар бар ғой осы программа бойынша. Соларға берілсін.
 
«7-20-25» бағыты бойынша пәтерлі болғысы келгендерді біріншіден, баспана бағасы қызықтырған. Шаршы метрі -180 мың теңге. Одан кейін бастапқы жарнасының 20 пайыз болуы тиімді болған. Тізімге алғашқылардың бірі болып ену үшін түнімен көз ілмедік дегендердің бірі - 26 жастағы Зере Байырсынова. Ол танысы барлар тізімге кедергісіз кірген деген қызыл сөзбен келіспейді.

Зере БАЙЫРСАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз шенеунік емеспіз. Біз частный компанияда мен өзім бухгалтер болып істеймін. Мен өзім екінші курсымна бастап жұмыс істеп әрекетімді жасап, осыны естігенде өте қатты қуандым. Өйткені мен де баспаналы болғым келеді. +Үйлерді арзан бағада үкімет арзан бағада қол жетімді бағада беріп тұрғаннан кейін біз осы шансты пайдаланып жатырмыз. Осы шанс бізге үлкен шанс боп тұр.  

 
Иә, шансты шенеуніктер де жіберіп алғысы келмеген секілді. Қала әкімі орынбасарының дерегінше ұзын саны 35 адам енген. Алайда мынадай шудан соң кешелі бері басыбайлы баспанасы болмаса да 15 шенді өтінішін кері алыпты.

Ерғали БІЛІСБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
   
Бізде жалпы бұрынғы практика бойынша осындай мәселе шешілген 7-20-25 бойынша үй берілген. Бізде конкурс өткізген. Сол конкурс арқылы берілген. Енді жалпы былтырдан бастап тоқтатылған, күші жойылған сол бұйрықты бұлар қарамай «биыл да бере салады ғой бізге, тағы да осындай болады ғой» деп олар конкурс өткізген. Содан кейін біз оларға айттық бұл заңдылық емес қой деп. Сөйтіп хат жазып, хатта неде тұр, көрсетуге болады, 11 не сәуірдің жазылған, 24-не жауап келіп отыр «заңсыз» деп.   

 
Конкурстың процедурасын дұрыс өткізбеді деген Тұрғын үй басқармасының басшысы қазір уақытша қызметінен шеттетіліпті. Ал осы істің жай-жапсарын арнайы құрылған комиссия анықтайды деді қала әкімінің орынбасары. Алайда, шенділердің салақтығынан баспана кезегінен құр қаламыз ба деген жұрт, өз құқықтарын қорғауға бел шеше кіріспек.

А. Төребекқызы