Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мектебін су басқан батысқазақстандық оқушылар басқа ғимаратта оқып жатыр

AstanaTV
13.05.2022ж. 20:00
1945
Мектебін су басқан батысқазақстандық оқушылар басқа ғимаратта оқып жатыр

Толассыз жауған жаңбырдың кесірінен Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы орта мектеп суға толған. 160 оқушы шұғыл басқа ғимаратқа көшірілген.

Мектептің спорт залы мен асханасы орналасқан қосымша ғимаратының төбесінен су кеткен. Білім ошағы 35 жыл бұрын салынған. Содан бері түзу шеге қағылмаған. Облыстық білім беру басқармасының өкілдері, биылдан қалмай жөндеуге кірісеміз деп сендірді.

Үміт ЖӘҢГІРОВА, БҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Тайпақ аулындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің» күрделі жөндеу жұмыстарына «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді және жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда оқу процесі тоқтатылған жоқ. Ақжайық агротехникалық колледжінің базасында балалар өз білімдерін алып, білім алу үрдісі жалғасуда.

Е. Карин