Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Референдум бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту керек

AstanaTV
13.05.2022ж. 20:00
1167
Референдум бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту керек

Ата Заңның үштен біріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінінен, халық қаншалықты хабардар? «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында осы мәселе талқыланды. Кеңес мүшелері саяси науқан несімен маңызды деген сұрақтар төңірегінде ой толғады. Жиын қатысушылары, Мемлекет басшысының "Екінші Республика" идеясы аясында іске асырылып жатқан бұл реформа арқылы, үлкен өзгерістер болатына сенімді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның айтуынша, Конституциядағы өзгерістер уақыт талабы.

Бүркітбай АЯҒАН, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Ата заңға өзгерту енгізу деген өте маңызды мәселе. Кейбіреулер қоғамда айтады не қажеті бар деген сияқты. Өзім айтамын бұл өте үлкен саяси оқиға деп қарауымыз керек. Елді кәдімгі саяси белсенділігін ояту үшін, елді референдумға қатысуға шақыру керек. Яғни Ата заңға өзгерістер олар - қазіргі заманғы талапқа сай деп ойлаймыз.

Референдумда әркім өз пікірін білдіруге құқылы. Науқанның мән-маңызы да осыда. Сондықтан қалада болсын, ауылда болсын ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев көшеде ілініп тұрған билбордтың бұл жерде рөлі маңызды емес, дейді.  

Әскер ПИРИЕВ, "АХЫСКА" ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тек мемлекет қана құру үшін ғана емес қожайын екенін халық сезінуі керек. Ол үшін не істеу керек? Халықтан сұрау керек, елмен санасу керек. Осындай біздің мысалыға Ата заңымызда 33 өзгеріс деген нәрсе ол оңай нәрсе емес. Әркім өзінің пікірін айту керек деп ойлаймын. Сол үшін де референдум өте маңызды.

А. Данияр