Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"Дүкенге де бара алмаймыз",-мүмкіндігі шектеулі азамат

AstanaTV
17.05.2022ж. 20:00
1769
"Дүкенге де бара алмаймыз",-мүмкіндігі шектеулі азамат

Елімізде  мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы аяқасты болып отыр. Өйткені  қоғамдық көліктен бастап, дүкен, сауда орталықтары секілді адам көп жиналатын орындар олардың қажеттілігіне сай жабдықталмаған. Осының кесірінен мүгедектерге қарға адым жер жүрудің өзі оңай болмай отыр.

Орал қаласындағы ой-шұқырлы көшемен көлік әрең жүреді.   Ал тобықтай тасқа тірелетін мүгедек арбасымен жүру тіпті қиын. Сондықтан  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  дүкенге бару, қоғамдық көлікпен қатынау бейнетке айналған.  Гүлмира Батпақұлованың айтуынша, қалада ол секілді арбаға танылған   800 адам бар. "Бірақ біздің мұқтажымызға ешкім құлақ асып жатқан жоқ" дейді.

Гүлмира БАТПАҚҰЛОВА, «АРБА» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Біз қаладағы көп ғимаратқа кіре алмаймыз. Тіпті кейбір нысандарды қайта жөндегенде де, мүгедектерге лайықтауды ескермейді. Мысалы, осы үйде тұратын   мүмкіндігі шектеулі 4 адам  мына дүкенге ешқашан бармапты. Өйткені бірнеше адамның көмегінсіз мұнда кіре алмайсыз. Пандуспен жүрсең де, қорқып отырасың.


Мұндай олқылық Қостанайда да көп. Мониторинг тобы өңірдің интерактивті қолжетімділік картасынан көп кемшілік тауыпты. Мәселен пандустардың көбінде тұтқа жоқ, зағиптар мен құлағының мүкісі бар жандарға бағыт сілтейтін белгілер орнатылмаған. Арбалылар түгілі, көлік мінген мүгедектерге де автотұрақта арнайы орын қарастырылмаған. Қаладағы қоғамдық көліктің 25 пайызы ғана мүгедектерге лайықталғанын ескерсек, олардың қоғамға бейімделуі екіталай, дейді мониторинг тобының өкілдері.

Асылан ДАБЫЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мониторинг топпен шыққан кезде біздің өзіміздің нұсқауымыз бар.Соған қараймыз. Жаңағы арбаға отырған кісілерге, құлағы естімеймін, көзі нашар көретін кісілерге сол бәрін қарап шығамыз. Көбісі бір пандуспен  ғана шектеліп қалады.Бір пандуспен  ғана обьект бейімделмейді. Бүкіл категориядағы кісілерге жағдай жасау керек қой.  

Таразда да «АMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірқатар нысандар тексерілген. Өңірдің интерактивті қолжетімділік картасындағы 1270 нысанның тең жарымы талапқа сай емес.

Гүлбахрам ДҮЙСЕКОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Ал жаңа салынған құрылысқа байланысты. 2020 жылы 30 мартта берілген бұйрық бар. Сол бұйрыққа сәйкес жобалық сметалық құжаттарында мына мүгедектерге қол жетімділікті қамтамасыз етіп, жағдай жасау. Яғни пандус, тактилды жолдарды салу көзделген.


Былтыр өңірдегі 258 нысанның кемшілігі жойылса, биыл да сонша олқылық  жыл соңына дейін түзетілмек. Бұл істі «АMANAT» партиясы бақылауда ұстайды. Ал ескертуді елемегендерге ірі көлемде айыппұл салынады.
 
З. Санай