Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Көліктің қосымша жабдықтарын алу міндетті ме?

AstanaTV
18.05.2022ж. 20:00
1559
Көліктің қосымша жабдықтарын алу міндетті ме?

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының басталғанына бүгін үшінші күн. Санаулы күнде 14 мыңнан аса қазақстандық автосалондарға өз өтінімдерін қалдырыпты. Бағдарламаның шарапатын көруге ұмтылғандар арасында, оның шарттарына шағымданушалар да бар. Олар автосалондар мен банктер ұсынатын қосымша талаптарға наразы. Атап айтар болсақ автомобильдерде орнатылған қосымша жабдықтарды алып тастауға және бұл жабдықсыз сатуға болмайды деген талапқа қарсы. Сонымен қатар КАСКО сақтандыру полисінің құнына қатысты да келіспеушіліктері бар. Алайда мамандар қосымша жабдықтар тек сатып алушының келісімімен қосылады деп отыр.

Қайрат ЕЛАМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:


Диллерлік орталықтардың ішкі бұйрықтарына сәйкес 2022 жылғы наурыздан бастап қызметтің бұл түрі клиенттердің жазбаша келісімімен ғана ұсынылады. Яғни сатып алушының келісімінсіз қосымша жабдықтарды қосуға тыйым салынады. Қандай да бір шағым болса, осы диллерлік орталықтардың немесе брендтерді дистрибуциялаумен айналысатын мекеменің клиенттерді қолдау қызметіне хабарласуға болады. КАСКО сақтандыру полистеріне келетін болсақ, бұл мәселе екінші деңгейлі банктердің құзырында. Әрбір банк осы сақтандыру полисін рәсімдеуге қатысты өз талаптарын, өзіндік тәртібін ұсынады.


Ә. Бердібеков