Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы облысында қоқыстан табылған 5 жасар баланың анасынан жауап алынуда

AstanaTV
19.05.2022ж. 20:00
2149
Алматы облысында қоқыстан табылған 5 жасар баланың анасынан жауап алынуда

Алматы облысы Сарқан қаласында қоқыс үйіндісінен бес жасар қыз баланың мәйіті табылды.  Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның кім екені анықталған.  Баланың анасы табылды.  Ол-  19 жастағы жергілікті тұрғын. Айтуынша, қыз бала 2017 жылы дүниеге келген. Целебралды ауруға шалдыққан. Ақыл-есі кем болған көрінеді.  Қазір бұл жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Анасының сөзіне жүгінсек, қыз бала осы жылы ақпанда ауырып, кенеттен көз жұмған. Сондықтан әйел мен оның ағасы қызды жасырынып, қала шетіне жерлеуді шешті. Аталған дерек бойынша, қажетті сараптамалар дайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.