Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Электронды темекіге толық тыйым салу керек",-депутат

AstanaTV
25.05.2022ж. 20:00
1081
"Электронды темекіге толық тыйым салу керек",-депутат

Жас ұрпақтың денсаулығы үшін электронды темекіге толық тыйым салу керек. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бүгін үкіметке осындай ұсыныс айтты. Оның пікірінше, қазір мемлекет темекіге тосқауыл қоюды емес, экономикалық пайданы ғана көздеп отыр.  

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазіргі зерттеулердің өзі көрсетіп отырғандай, фиброз, мутагендік, онкологиялық ауруларға және әсіресе мына жас балаларды хроникалық  бронхы ауруларына алып келуін көрсетіп отыр. Сондықтан біз тек қана салықты көбейтеміз,  экономиканы жақсартамыз деп, ол жағын ғана ойламауымыз керек. Біз әлеуметтік жағын да ойлауымыз керек. Сондықтан бұл мәселені жан-жақты қарау керек, керек болса, зерттеп, тіпті, Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салу қажет.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров халықтың денсаулығы үшін жасалған қадам ретінде  темекі өніміне салық өсетінін айтты.   Оның сөзінше,  2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс. Сонымен қатар, цифрлық майнинг үшін заң жүзінде сараланған салық мөлшері нақтыланған. Криптовалюташылар пайдаланған электр энергиясының бағасы неғұрлым жоғары болса, салық төмен болады. Керісінше, энергия арзан болса, салық көбейеді, -дейді  министр.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:  

1 теңгеден 10 теңгеге дейін. Ол энергиясының құнына байланысты. Осы теңестіру жұмысы майнингті бір жағынан қосымша қаражатты бюджетке айналдыруға бағытталған. Екінші жағынан осы индустрияны дамыту үшін бағытталған. Жалпы энергия балансын бұзбау үшін осындай дифферасациялау саралау жұмысы жүргізілді.

А. Съезбек