Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы солтүстікқазақстандықтарға референдумның мазмұнын түсіндірді

AstanaTV
25.05.2022ж. 20:00
1171
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы солтүстікқазақстандықтарға референдумның мазмұнын түсіндірді

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов референдумның мазмұнын солтүстікқазақстандықтарға түсіндіру үшін аймаққа арнайы барды. Атқарушы хатшы жергілікті шаруалармен, зиялы қауым өкілдерімен  кездесулер өткізді. Әрі тұрғындардың конституциялық реформа жайлы пікірін тыңдады.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы алдымен Полудинское ауылындағы сүт-тауар фермасының ұжымымен кездесті. Қызметкерлердің көкейдегі сауалдарына жауап беріп,  конституциялық реформаның маңызын талқылады.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Конституциялық реформаға ұсынылған өзгерістердің ішінде жердің иелігіне қатысты приниципті мәселе де бар. Жер және табиғи ресурстар халыққа тиесілі, халықтың  меншігі деп біржолата кесіп айту ұсынылып отыр. Бұл түрлі арандатушылықтың алдын алары сөзсіз. Сондықтан барлық солтүстікқазақстандықтарды мүмкіндікті пайдаланып, референдумда таңдау жасауға әрі азаматтық парызымызды орындауға шақырамын.

Алтынбек САПАРОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгінгі күнде халықпен кездесіп жатқанда мүмкіншіліктерді, өзгерістерді айтып жатырмыз. Референдум болады, өзгерістер болады. Соған біз өзгерістерге барамыз. Өйткені көп жұмыстар халық өзі көріп тұр қандай өзгерістер болып жатқанын. Бізге өзгеріс керек. Жаңа Қазақстан керек.


Асхат Оралов өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен де жолықты. Саяси науқанға аз уақыт қалғанын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын үдетуге шақырды. «Орталық» бастауыш партиясы ұйымының төрағасы Мұрат Жәкенов , ел дамуының жаңа кезеңін референдуммен тікелей байланысты екенін айтады.

Мұрат Жәкенов, «ОРТАЛЫҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Расымен де, бізге өзгеретін кез келді. Бәрін қайта құру керек. Біз екінші республикаға қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Президент те айтып отыр.  Референдумға қатысып, таңдау жасау-әр азаматтың борышы.

Бұдан соң Атқарушы хатшы зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.  Жиналғандар конституцияға енгізілетін өзгерістер халықтың мүддесін көздейді, сондықтан тарихи маңызды күні сайлауға біркісідей атсалысамыз дейді.

Осы күні өңірдің партия активімен кездесу өтті. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан  облыста құрамына 28 мыңнан астам аманаттық бар.

А. Съезбек