Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Референдум - Қазақстанның жақсаруына әсер ететін тарихи сәт",-Я.Глузмон

AstanaTV
25.05.2022ж. 20:00
1165
"Референдум - Қазақстанның жақсаруына әсер ететін тарихи сәт",-Я.Глузмон

"Жаңа Қазақстан - бұл көптеген инвестордың басын қосатын орын". Бұл туралы Израильдің Қазақстандағы елшісі Ябо Глузман Эдвин Натан айтты. Оның айтуынша, билік пен халық арасындағы диалог өте маңызды және дер кезінде қабылданып жатыр. Қазақстандықтар өз болашағы үшін   маңызды қадам жасауда дейді.  

Ябо ГЛУЗМАН ЭДВИН НАТАН, ИЗРАИЛЬДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Біз бұл процесті қолдаймыз, бұл болашақта Қазақстанның жақсаруына әсер ететін тарихи сәт. Реформалардың кең ауқымы бар және бұның әсері мағыналы әрі терең болады. Жаңа Қазақстан  біз болашақта қазіргіден көп инвесторды шақырғымыз келетін және бір-бірімізбен қуана қауышатын мекен. Өйткені бұл ашық әрі транспарентті ел.

Референдумға 100-ден астам халықаралық байқаушы аккредиттелген.  Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Сондай-ақ, Еуразия Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйым бақылаушылар миссиясының өкілдері де бар.

А. Дүкембаева