Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Конституцияны жетілдіру өмірдің барлық саласын жақсартады

AstanaTV
25.05.2022ж. 20:00
1324
Конституцияны жетілдіру өмірдің барлық саласын жақсартады

Конституцияны жетілдіргеннен кейін барлық салада ілгерілеу болады. Қазақстан мәслихаттар депутаттары бірлестігінің өкілдері осылай дейді.  Халық қалаулылары бас құжатқа енгізілетін түзетулерді белсенді түрде түсіндірумен айналысуда.  Бүгін олар елордалық мәдениет орталығының қызметкерлерімен кездесіп, еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту туралы айтып берді. Жиналғандар референдумнан кейін елімізде үлкен өзгерістердің болады деп сенеді.

Пікір көшбасшыларын бір ортаға шоғырлындарған бүгінгі күннің басты сауалы референдумнан не күтеміз, Конституциядағы реформа қандай мүмкіндіктер  береді. Жаңа Қазақстандағы қоғамдық-саяси белсенділік пен перспективалық мүмкіндіктер жайы да қызу талқылануда. Санаулы күннен кейін милиондаған қазақстандық өз таңдауын жасайды.  Бұл орайда өзгерістің мәнін жете түсіну ләзім дейді сарапшылар.  

Зұлфухар ҒАИПОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Референдумға халықтың көзқарасы өте жақсы. Республикалық қоғамдық штабтың астаналық өкілдігін басқара отырып, мен көптеген еңбек ұжымдарымен жеке кездестім. Ұжымның барлығы  өзгерістерді жылы қабылдап жатыр. ең негізгі өзгеріс неде? Біздің басты алтын діңгегіміз, біздің мемлекетіміздің негізгі басты заңы Конституция. Осы Конституциядағы 33 бапқа қандай өзгерістер енгізеді соны халыққа қарапайым тілмен жеткізу.

"Атамекен" этно-мемориалдық кешенінде де  мәдениет саласында еңбек ететін 50-ден аса қызметкер бас қосты. Әркім өз пікірін ортаға салып, көкейдегі сауалдарын жолдады. Олар елімізде болатын өзгерістерді қолдайды.

Самат ТЕРГЕМБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН Қ. БІРІККЕН МУЗЕЙЛЕР ДИРЕКЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде тағдыр шешті еліміздің жаңа қазақстанға бет бұрудағы үлкен бір заңдық негізі Ата заңымыз Конституцияға енетін өзгерістерге халық болып өзінің дауысын беріп, соны құптап және жай ғана дауыс беру емес, бұл енетін өзгерістерді осы жерде талқылап, мына халыққа деген бетбұрыс екенін танып, біліп соған үлкен құлшыныспен дауыс беруге шынымен де көздері жанып, жүректерімен баруға әзір.

Енді Біріккен музейлердің елордалық дирекциясы Сәкен Сейфуллин мұражайы, "АЛЖИР" мемориалдық кешені және басқа да мәдени нысандар базасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.


А. Бердібеков