Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды

AstanaTV
26.05.2022ж. 20:00
1115
Ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды

Конституциялық реформа - ең әуелі құқықтық шара.  Бұл туралы  мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл  айтты. Оның пікірінше, референдум әрбір азаматтың жауапкершілігін арттырады. Сондай-ақ, ертеңгі ел өміріне оң ықпал етеді. Әр азамат тарихи таңдау жасауға бей-жай қарамағаны жөн дейді.

Еркін ӘБІЛ, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Референдум деген- әрбір азамат маңызды саяси шешімді қабылдауға өзі қатысады.  Сондықтан әрбір азаматтың бұл тек қана құқы емес, сонымен бірге жауапкершілік. Осы қабылданған саяси шешім үшін әрбір азамат жауапты болу керек.

Жалпыхалықтық референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу өте маңызды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, қазір ел бойынша  220-дан астам газет пен 32 телеарна референдумға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  Сондай-ақ, ұялы байланыс операторлары да саяси өзгеріске байланысты хабарламалар таратып жатыр. Халық сол арқылы референдум туралы жан-жақты ақпарат ала алады дейді.

Асқар ОМАРОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ БАҚ:

Беттерінде арнайы айдарлар мен хештегтер ашылды. Еліміздің конституциясына енгізілетін өзгерістердің мәні түсінікті тілмен түсіндіретін көрнекі жарнамаларды, графикалық өнімдерді шығару және көбейту қамтамасыз етілді.

Референдумға 10 күн қалды. Ел бойынша  10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Саяси науқанды бақылауға 4 халықаралық ұйым мен 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелген. Олар -Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түрік елдері саммиті, ТМД елдері және тағы басқа белді ұйымдар тарапынан келген өкілдер. Мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне халықтың белсенді араласуына мүмкіндік беретін конституциялық реформаларға қатысты қазақстандықтардың пікірі қандай ?

БЛИЦ:

- Жаңа заман, жаңа Қазақстан кезеңінде бұл өзгерістер біз үшін аса маңызды деп ойлаймын.

- Қатысамыз халық болып.

- Жаңа Қазақстанға әркім, әр қазақстандық қол ұшын созу керек деп түсінемін.

-  Жаңа Қазақстан құрамыз деп жатырмыз ғой. Соған барлығымыз жиналып айтуымыз керек қой.


Б. Сатуов