Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Ел болашағын айқындайтын реформалардың тағдырын халықтың өзі шешуі қажет",-Е.Қошанов

AstanaTV
26.05.2022ж. 20:00
988
"Ел болашағын айқындайтын реформалардың тағдырын халықтың өзі шешуі қажет",-Е.Қошанов

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ғимаратында аймақ тұрғындарымен кездесті. Палата спикері  алдағы референдум жайлы кеңінен айтып, ел тағдырын шешетін ауқымды реформалардың маңызын түсіндірді.  

Жиын барысында Мәжіліс Төрағасы  еліміздің саяси өміріндегі үлкен өзгерістерге тоқталды. Саяси жүйені кешенді жаңғырту мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды негізге алатын әділетті қоғам құру жайын сөз етті.  Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаларды кеңінен түсіндірді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Президент бастамалары бүгінгі бүкіл халықтың қолдауына ие болды деп айтсам ол артық айтқандық болмас деп ойлаймын. Қалың жұртшылықтың көңілінен шығып, елдің ертеңіне үлкен үміт ұялатып отыр. Ел болашағын айқындайтын осындай ауқымды реформалардың тағдырын халықтың өзі шешуі қажет. Осы оймен Мемлекет басшысы референдум жариялады. Ең негізгі мәселе жауапкершіліктің жүгін мемлекетпен бірге азаматтардың да арқалауға дайын болуы қажет. Сондықтан алдағы науқан біздің барлығымыз үшін үлкен сын болғалы тұр. 
 

Облыс жұртшылығын республикалық референдумға белсенді қатысып, тарихи таңдау жасауға шақырды. Кездесуден кейін «AMANAT» партиясының төрағасы жеке қабылдау өткізіп,  тұрғындардың мәселесін тыңдады. Одан әрі Палата Спикері жұмыс сапарын Теміртау қаласында жалғастырды.  Жаңадан ашылған 20 мың емделушіге арналған  емханаға барды. Ем-шара кабинеттерін аралап, дәрігерлермен пікірлесті. Шаһардағы спорт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде де болды.

Олег ГУСЕВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ең бастысы – ішкі саяси тұрақтылықты сақтау. Президентіміз өте жауапты және тез шешім қабылдайды. Біз оған бірнеше рет куә болдық. Біз оның ішкі саяси тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауға бағытталған саясатын қолдаймыз.


Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов "Ленин" атындағы шахтада болды.    Өңірдегі ірі көмір шығаратын заманауи шахта жұмысымен танысып,  770 метр тереңдікке түсіп, кеншілермен референдум туралы әңгімелесті. Оларды    ел үшін маңызды науқанға қатысуға шақырды.  

Ә. Бердібеков