Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мәжіліс депутаты ұшақта адам өмірін сақтап қалды

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
923
Мәжіліс депутаты ұшақта адам өмірін сақтап қалды

«Air Astana» әуе компаниясы Мәжіліс депутатына жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді. Депутат Ғалымжан Елеуов, 30-сәуірде "Сеул-Алматы" бағыты бойынша жолға шыққан. Лайнер әуеде болғанда жолаушылардың бірінің қан қысымы төмендеп, есін жоғалта бастайды.  Бұрынғы дәрігер Ғалымжан Елеуов жолаушының жүрек қызметін қалпына келтіріп, оған алғашқы медициналық көмек жасаған. Оқыс жағдай тұрақтанып, ұшақ әрі қарай ұшуды жалғастырды. Осыған орай бүгін мәжілісменге әуе компаниясы алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етті.

Ғалымжан ЕЛЕУОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
 
Дер кезінде реанимациялық шаралар істеуге мүмкіндік болды. Содан кейін 20-30 минуттан кейін науқас жақсы болып кетті. Ол енді мен ойлаймын менің азаматтық борышым. Өте қуаныштымын осылай бір адамға көмегім тиіп қалғанына.

А. Кемелжан