Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
842
Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды

Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды. Палата аясында қоғам өкілдері заң жобаларын қарап, сараптау арқылы ел арасындағы өзекті мәселелерге тәуелсіз, обьективті пайымдарын айта алады дейді депутаттар. Палатаға парламенттік және парламенттік емес партия мүшелері, еліміздегі парламентаризм мәселесімен терең айналысып жүрген азаматтар, қоғам белсенділері, әр-түрлі саладағы сарапшылар, саясаттанушылар мүше бола алады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов  Қоғамдық палата жұмысын тікелей өзі қадағалайды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Менің ойымша бүгін өте дұрыс шешім қабылданып, Қоғамдық Палата құрылды. Енді оның қашан жұмыс бастайтынын, күзде әлде жазда басталатынын қосымша ақылдасамыз. Әрбір депутат осыған белсене қатысу керек. Оның мүшесі болу міндетті емес. Бірақ кез келген заң жобасы бойынша айтар пікіріңіз болса, әрбір депутат оған қатысуға мүмкіндіктері болады. Бұл жұмысты мен өзім тікелей қадағалаймын.

А. Базарбай