Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«AMANAT» партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекеттік меншікке қайтарды

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
937
«AMANAT» партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекеттік меншікке қайтарды

Жекенің меншігіндегі жайылымдық жерді халыққа қайтарып беруге шама-шарқы жетпеген әкімдер енді орындарынан кетеді. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының отырысында айтылды. Енді қандай да бір былыққа қатысы бар лауазымды тұлғаларға қатысты іс қозғалады, олардың аты аталып, түсі түстеледі.   

«Жер қатынастары» жөніндегі заң бойынша әр ауылдың айналасындағы 5-10 шақырым аумақтың  бәрі сол өңір азаматтарының жері болып саналады. Бірақ, өкінішке қарай бұл тек қағаз жүзінде қалып отыр. Жаңа заң бойынша, белгілі жер телімі босайтын болса, оны алуға алдымен елдімекенде тұратын азаматтар құқылы. Алайда, кейбір жергілікті  қала, аудан, ауыл әкімдері бұған пысқырмай отыр дейді аманаттықтар.   

Жанарбек ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өңірлердегі жерді қайтару бағытындағы нақты тапсырмалар бар. Бірақ қарап отырсаңыздар, кейбір құйтырлықтар жоқ емес. Ауылдың маңайындағы осы халықтың зар-илеп отырған осы алпауыттардың қол астындағы жерлерді заңды түрде ұқайтаруға күш салуымыз қажет деп есептейміз.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Халқымызға тиесілі біздің ауылдағы ағайынның жерін, еншісін сол ауылда тұрмайтын, сол ауылды білмейтін латифундистер алып кеткен. Сондықтан, біз ауылдағы ағайынымызға біз жерді қайтарып беруіміз керек. Бұл бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан 5 млн гектар жер жайылым жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын. Нәтижесінде «Жер аманаты» комиссиясы бірнеше ай ішінде комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Ал ауыл халқы төрт түлік өргізетін жайылым таппай, жем-шөптен қысылып жүр.

Зарлық МАҚСҰТОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ НҰРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ШАРУА:

Біздің Нұра ауданы бойынша 80 мың гектар жер жайылымға қайтарылып отыр.  Ол өте жақсы.  Біздің ауыл бойынша да 4000 гектар жер халықтың қолына жайылымдық жер ретінде қайтарылып отыр. Сондықтан біз шын жүрегімізден рахметімізді айтамыз.


Кейбір олигархтар ауыл халқының нарықтық қатынас заңдылығынан хабарсыз екенін пайдаланып,  оларды  алдап, жерді  банктерге сатқызып жіберген. Қазір осы мәселе еліміздің бірқатар өңірінде аса өзекті болып отыр.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

«Жер елге аманат, ер елге аманат» деген бар. Осы себепті, жер мәселесін шешетін уақыт келді. «Жер аманаты» комиссиясының мақсаты бұл пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді, заңсыз жеке меншікке өтіп кеткен жерлерді мемлекет меншігіне қайтарамыз және ауыл тұрғындарына қолжетімді етеміз. Жасыратыны жоқ олигополия тек орталық деңгейде емес,  әрбір аудандық, өңірлік деңгейде бар. Онымен тоқтаусыз күресеміз.

Прокурорлар 18 млн жер телімінің бос игерілмей жатқанын анықтаған. 229 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 19 қылмыстық іс қозғалды. Әзірге тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан, бұл азаматтардың есімдері аталмайды.  

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жасыратын ешнәрсе жоқ. Жалғыз минитрлік емес, басқасының қолынан келмейді. Саяси партияның көмегі керек болып тұр. Сол себепті біз бірлесіп мына ресурс үлкен ғой. Аманаттың барлық тетігін іске қосуымыз керек. Ол көп жерде білесіздер, не әкімдіктің қолынан келмейді көп жерде, не болмаса оның "интересы" бар.

Аудандарда адамдарға мал жаюға, агробизнеспен айналысуға мүмкіндік бермейтін олигополиялар бар. Заңсыздықтарды анықтауға қоғамның әрбір мүшесі ат салыса алады.
 
Мұрат ӘБЕНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Жалпы жерге жанашыр азаматтар, жалпы мен қарап тұра алмаймын сыбайлас жемқорлық бар болатын болса, күресуге дайынмын деген барлық азаматтарды біз қосып алуымыз қажет. Мынау сыбайлас жемқорлққа қарсы күрес жерді қорғау, қарапайым азаматтардың жағдайын қорғау әрине  үлкен мәселе.

Мәселені жүйелі шешу үшін партия қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қол жеткізуге ниетті.  

А. Шамшидин