Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
930
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады. Қала әкімі президентке бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берді. Кезекте тұрған азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын ұлғайту, жаңа мектептер салу арқылы үш ауысымды оқу проблемасын шешу, газ тарту мәселесі, тұрғын-үй алаптарын дамыту, жеке инвестициялар тарту жөнінде баяндады. Президент жалпы әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарды қолдайтынын айтты.  Алтай Көлгіновке елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, қала тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуді тапсырды.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Президентіміз елорданың инфрақұрылымдық даму жөніне баса назар аударуды тапсырды. Мысалға ол жылу желілерін уақытылы іске қосу. Сонымен қатар таза ауыз судың көлемін көбейту жөнінде, себебі елорда да халықтың жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес судың да мөлшерін көбейту қажет.

Б. Сатуов