Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Темекі өнімдерінің акциз мөлшерін көтереді

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
1206
Темекі өнімдерінің акциз мөлшерін көтереді

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "көлікті нөмірсіз басқарғандарға жауапкершілік күшейтілетіні" туралы заң жобасы қабылданды. Бұл туралы сенаторлар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында қос қолдап қолдады. Сондай-ақ,сенаторлар  Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеруді көздейтін заң жобасын мемлекет басшысына қол қоюға жіберді.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Қазақстанда көрші елдермен салыстырғанда темекіге де, қыздырылатын темекіге де акциз ставкалары төмен екенін ескердік.  Біздің елге осындай бұйымдардың ағынын жасау экономикалық тұрғыдан орынсыз болады. Себебі біздің бюджетімізге, елге кірістерге және нарықтың мінез-құлқына әсер ете қоймайды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін акциздерді арттырып қана қоймай, контрабандамен де тиімді күресу керек.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл мәселеде жосықсыз кәсіпкерлердің қыздырылатын темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкелуінің алдын алу аса маңызды. Әйтпесе, Ұлттық экономика министрлігі ұсынған іс-шаралар нәтиже бермейді. Сондықтан акциздерді көтеру саясатымен қатар контрабандаға қарсы күрес бойынша қатаң шаралар да қолға алынуы керек.

Ә. Дүкембаева