Биыл
Ұлы Отан соғысындағы алғашқы әскери жасақтың құрылғанына - 75 жыл! Осыған орай елімізде «Ұлы дала азаматтары»
атты республикалық автошеру өтіп жатыр. 13 ардагерден жасақталған топ
Қазақстанның 15 қаласын аралап шығуы тиіс. Автошеру 4 шілдеде Алматыда бастау
алған.
Елордалықтар Астанада болған саяхатшы қарттарды ерекше ілтипатпен қарсы
алып, «Отан қорғаушылар» алаңында жауынгерлер аруағына тағзым етіп, гүл
қойлыған митинг ұйымдастырған. Автошерудің мақсаты - қазақ жерін аралап,
«Мәңгілік ел» мен «Нұрлы жол» бағдарламасын және соғыс жылдарындағы қазақ
батырларының ерлігін насихаттау. Ардагерлердің жұмысы ертең Алматыда аяқталады.
Акцияның өткізілуіне «Нұр Отан» партиясы қолдау танытқан.
Қазыбек
Қаскенов, «Ұлы дала азаматтары» автошеруіне қатысушы:
Бұл
шара қазақ батырларына тағзым етуге
бағытталған. Яғни бізге осындай бейбіт
өмірді сыйлағандарды құрмет тұтуымыз керек. Әрине, қазақстандықтар майдан
шебінде ғана емес, сондай-ақ еңбек алаңында да ерлік танытқан. Осыны ұмытпау керек. Әсіресе, келешек ұрпақ есінде сақтауы тиіс.
Владислав
Сергеев, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
Бұл
ең алдымен жас буынды патриоттыққа тәрбиелейтін шара. 75 жыл бұрын тұңғыш қазақ
дивизиясы құрылды. Жауынгердің қаншамасы майдан шебінде қаза болды. Бұл ерлікті
болашақ ұрпақтары құрмет тұтуымыз тиіс. Оған Елбасы да, елдің басты партиясы
да үндеу тастайды. Автошеру сол ерліктерді насихаттауға шығып отыр. Бішкекті
қоса ескептегенде, шамамен 15 қалаға барады.
Құралай ПИОНЕР