Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Италияда темір жол апатынан 25 адам қаза тапты

AstanaTV
13.07.2016ж. 20:00
2328
Италияда темір жол апатынан 25 адам қаза тапты

Италияда екі пойыз соқтығысып, 25 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға орай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия премьер-министрі Маттео Ренциге көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда президент суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтып, Қазақстан халқының және өз атынан марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтқан.

Италияның Аппулия өңірінде екі жолаушы пойызы бетпе-беп соғылып, кем дегенде 25 адам қаза тапты. Елу адам түрлі жарақат алған. Мына кадрлардан үш вагонның дымы қалмай қирағанын аңғаруға болады. Алдын-ала болжам бойынша, апат машинистердің қателігінен болуы ықтимал. Қос машинисттің біреуі апат кезінде көз жұмды. Екінші болжам - темір жолдағы автоматтандырылған басқару жүйесінің істен шығуы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ