Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматы облысында жастар арасындағы кикілжің кезінде атыс болған

AstanaTV
05.08.2022ж. 20:00
1435
Алматы облысында жастар арасындағы кикілжің кезінде атыс болған

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болды. Нәтижесінде үш адамға оқ тиіп,  ауруханаға жеткізілді. Алайда, көп ұзамай зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.  Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға бір топ жастың арасындағы кикілжің кезінде  кезінде болған. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысушылар анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша полиция болған оқиғаның себебін анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша дереу шаралар қабылдады. Іздестіру іс-шаралары бойынша ұстау жоспары жарияланды. Сонымен қатар, Алматы облысы полиция бөлімшелерінің жеке құрамы бағдарланды.

М. Жақан