Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

AstanaTV
05.08.2022ж. 20:00
2388
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда  сыбайлас жемқорлық схемалары үшін негізді жоюға және парақорлық үшін жағдайларды барынша азайтуға бағытталған  шаралар талқыланды.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразханның айтуынша, бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінде оң ілгерілеу бар. Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне ұсынған пара туралы хабарлайтын тренд байқалады деді ол.  Биыл алғашқы 6 айда  сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 640 мың теңгеден астам сомаға 3 адам ынталандырылған.

 Ә. Дүкембаева