Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Президент сайлауы – жаңа электоралды циклдің бастауы",- Е.Карин

AstanaTV
22.09.2022ж. 20:00
2244
"Президент сайлауы – жаңа электоралды циклдің бастауы",- Е.Карин

Президент сайлауын өткізу туралы бастама кейінгі үш жылдағы саяси жаңғыру бағытына толыққанды сай келеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм каналында кезектен тыс өтетін келелі саяси науқан туралы ой бөлісті. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа, неғұрлым теңдестірілген тәртібін бекітті. Жаңа үлгіні іске қосу үшін мемлекеттің Президент, Парламент, Үкімет, мәслихаттар сияқты шешуші институттарын қоса алғанда, бүкіл саяси жүйені қайта бастау қажет. Сондай-ақ, бұл ретте сарапшылар мен саясат маңы орталарында алдағы электоралды науқан туралы пікірталас көптен бері өрбіп келе жатқанына назар аударады. Сарапшылардың бірқатары мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттігі туралы көктемде айтқанына тоқталады.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Қазіргі сайлаудың ерекшелігі – алдағы сайлау науқаны кестесінің алдын ала жария етілуінде болып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы туралы алдын ала құлаққағыс етті. Араға уақыт салып Жарлыққа қол қойды. Ал бұған дейін мерзімінен бұрын өткен сайлаулардың барлығы, Жарлыққа қол қойылған күні ғана мәлім болып келген еді. Бұл уақыт, науқанның қоғамда кеңінен талқылануына ғана емес, әлеуетті қатысушыларды алдын ала дайындауға да жеткілікті болды. Заң бойынша сайлау күні белгіленгеннен кейін екі ай ішінде өтеді, бірақ іс жүзінде науқан үш айға созылады.

З. Санай