Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Сайлау - демократиялық өзгерістерді нығайтады",-сарапшы пікірі

AstanaTV
22.09.2022ж. 20:00
1746
"Сайлау - демократиялық өзгерістерді нығайтады",-сарапшы пікірі

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі алмағайып кезеңде бұл сайлаудың  маңызы зор. Саяси науқан оң өзгерістерге, жаңа бастамаларға негіз болады дейді.  

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:


Геосаяси күрделі жағдайды бәріміз көріп отырмыз, Орта Азияда болып жатқан процестер, мынау санкцияның салдары деген сияқты. Соған қарамастан Қазақстанда қазіргі кезде, саяси реформаларын жалғасын тауып келеді. Бұл мынау ауыл әкімдерінен бастап, одан кейін саяси партияларды құруға жасаған жеңілдіктері конституциялық реформалардың заңды жалғасы деп қарастыруға болады.

Елдос ЖҰМАҒҰЛ, САРАПШЫ:

Біраз реформалардың негізі айтылды. Енді осыны іске асыру үшін сенімді, батыл іске асыру үшін, 7 жылдық мерзімде жол ашылады. Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, біз реформаларды одан ары қарай халықтың игілігі үшін жалғастыруға мүмкіндік алынады.

Ә. Дүкембаева