Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақ ақшасы тағы құнсызданып, доллардың беделі 7 теңгеге бекіді

AstanaTV
26.07.2016ж. 20:00
2493
Қазақ ақшасы тағы құнсызданып, доллардың беделі 7 теңгеге бекіді

Теңге тағы құнсызданды. Бүгін АҚШ ақшасы бір күнде бірден 7 теңгеге өсіп, ұлттық валютаға шаққандағы ресми бағам - 354,40 тиынға теңелді. «KASE» қор биржасында таңғы курс 346 теңгемен ашылған еді. Жалпы теңгенің долларға шаққандағы бағамы соңғы екі күнде 11 теңгеге әлсіреген. Қазір айырбас орындарында көк қағаз 356-358 теңгеден сатылып жатыр. Алматыдағы кейбір ақша айырбастау пункттерінде 359-ға дейін жеткен.

АҚШ ақшасының бұлайша күрт өсуіне кеше «Brent» маркалы мұнайдың арзандап кетуі себеп болса керек. ICE биржасында оның сатылымы барреліне 48-ден 44,53 долларға арзандаған. Ұлттық банк теңгенің түсуіне ішкі факторлардың да әсер еткенін айтады. Ал сарапшылар әлі де құлдыраудың болатынын болжап отыр.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Әзір 360-қа жетіп тұрған жоқпыз. Орта деңгейде. Жылды 360-пен аяқтауымызға мүмкіншілік бар. Бірақ мұнай бағасы қатты арзандап жатса, жылдың басындағыдай 30, 27 долларға дейін баррель үшін барып жатса және Ресей рублі 2014 жылғы желтоқсандағыдай құлдырап жатса, онда осы екі мәселе біздің теңгеге әсерін білдіріп, теңгенің ары қарай да құнсыздануы мүмкін.

Құралай ПИОНЕР