Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бұрынғы басшысына пара алғаны үшін іс қозғалды

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
2040
Қызылжарда энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бұрынғы басшысына пара алғаны үшін іс қозғалды

Қызылжарда энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бұрынғы басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Ол осыдан үш ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Бірақ жұрт арасында шенеуніктің қамауға алынғаны туралы сыбыс тарады. Алайда құзырлы органдар осы уақытқа дейін бұған қатысты ақпарат бермеген. Енді ғана шенеуніктің пара алу бойынша істі болғанын растады.

Айдос ЖҮНІСОВ, СҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыстық іс Петропавл қаласы автомобиль жолдары жұмыстарын жасау барысында бөлінген бюджет қаражатының жымқыру фактілері бойынша және осы жұмыстарды орындау барысындағы пара алу және пара беру деректері бойынша тергелуде.

А. Құрманкин