Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

ЖРВИ асқынуы түсікке әкелуі мүмкін

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
2317
ЖРВИ асқынуы түсікке әкелуі мүмкін

Қызылордада жедел респираторлы вирусты инфекция өршіп тұр. Мамандардың айтуынша былтырғы жылмен салыстырғанда 1,2 процентке өсім байқалады. Ауруға шалдыққандардың басым көбі – 14 жасқа дейінгі бала. Тұмау ауруы 2 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен созылмалы ауруы бар науқастарда және қарттар арасында ауыр өтуде. Сондай-ақ дер кезінде емделмесе, жүкті әйелдер үшін де қауіпті дейді мамандар.

Әлия ЫДЫРЫСОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Себебі бұл түсікке апаруы ықтимал. Сондықтан аурудың алу мақсатында сақтық шараларын сақтаған абзал болып келеді. Аурушаңдығымыздың көтеріліп отырғаны – циркуляция, қоршаған ортада вирустың циркуляциясы өте жоғары. Сонымен қатар, ауа-райының тұрақсыз болуы.

М. Тоқтасынқызы