Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«TALQYLAU» партиялық алаңында сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
984
«TALQYLAU» партиялық алаңында сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады. Жиын барысында мәжіліс депутаттары сайлау қазақстандықтардың саяси мәдениетінің өскенін көрсетті деді. Еске салайық, «TALQYLAU» пікірталас алаңын құру бастамасы «AMANAT»-тың 1 наурызда өткен кезектен тыс Съезінде партияны трансформациялау бағдарламасының бір тармағы ретінде жариялады. Алаңда азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешетін ұсыныстар әзірлеу үшін сарапшылар, депутаттар тұрақты түрде бас қосады.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Егер парламенттік сайлауда 7 миллионнан астам адам дауыс берсе, референдумға да, Президенттік сайлауға да 8 миллионнан астам адам қатысты. Бұл бүгінгі таңда қазақстандықтардың мемлекетімізде болып жатқан барлық саяси процеске қатысуға және көптеген саяси мәселеде өзінің нақты пікірі бар екенін, елдің болашағына қатысты мәселелерді шешуде өз дауысының маңызды екенін түсінетінін көріп отырмыз.

А. Задабек