Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Премьер-министр ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына үндеу жолдады

AstanaTV
05.08.2016ж. 20:00
2554
Премьер-министр ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына үндеу жолдады

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшыларына ет-сүт өнімдеріне техникалық регламенттерді дайындау мәселесін қарау туралы үндеу жолдады. Оның пікірінше, отандық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуі үшін, бұл аса маңызды.

Үкімет басшысы Астана маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері жөнінде Ақмола облысында арнайы кеңес өткізген. Оның барысында вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке бірнеше тапсырма жүктелді. Сондай-ақ сүт өндеу кәсіпорындарын дамыту барысы  да сөз болды.

Атап айтсақ, Астананың азық-түлік белдеуінде 22 сүт өңдеу кәсіпорны бар. Олардың өнімділігі сары май өндіру бойынша 40%-ды, ірімшік пен сүзбе -30%-ды құрайды. Осы кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін, жылына 100 мың тоннадан аса сүт қажет. Қазіргі күні азық-түлік белдеуінде жеке қосалқы шаруашылықтармен 470 мыңнан астам сүт өнімдері шығарылады. Оның тек 54 мың тоннасы ғана қайта өңдеуге жіберіледі екен. Биыл республика бойынша 150 сүт қабылдау пункттерін ашу жоспарланып отыр, оның алтауы азық-түлік белдеуі аймақтарында қарастырылады.

Берік ХАСЕНОВ