Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Конституция күніне орай Қазақстанға 11 елден қонақтар келеді

AstanaTV
25.08.2016ж. 20:00
3017
Конституция күніне орай Қазақстанға 11 елден қонақтар келеді

Конституция күні мерекесіне орай Қазақстанға 11 елден қонақтар келеді. Ата заңның 21 жылдығын атап өту барысында Астанада "Дамудың негізі қоғамның тұрақтылығы" тақырыбында ғылыми конференция өтпек. Бұл туралы Конситуциялық кеңес төрағасы мәлімдеді.

Оған бірнеше халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Біріккен Ұлттар ұйымы, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Венециялық комиссия сынды беделді ұйымдардың өкілдері баяндама жасайды деп жоспарланған. Жақында реформалаудан өткен Қылмыстық кодекстің жай жапсары да таныстырылмақ. Ресей заңгерлері мен ғалымдар аталған реформаға көптен қызығушылық танытып жүр, - деді Рогов.

Игорь Рогов, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:

Конференцияға Украина конституциялық сотының төрағасы келеді. Оның баяндамасы өте қызық болады деп ойлаймын. Армениялық әріптестерден де мазмұнды баяндама күтеміз. Олар елдерінде конституцияға реформа жасағаны белгілі. Германия федералды конституциялық сотының төрағасы да тұшымды әңгімелер қозғайды деп сенемін.